Құқық бұзған сайт ел аумағында блокталады – вице-министр

11 Мамыр 2023, 11:21
726
Бөлісу:
Құқық бұзған сайт ел аумағында блокталады – вице-министр

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков Парламент Сенатының отырысында авторлық құқықты бұзушы сайттар, домендер ел аумағында болмаса да, блокталатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құқық иелері құқықбұзушылардың сайттары қай жерде орналасқанына қарамастан ел аумағында өз құқықтарын қорғауға құқылы. Мысалы, құқық иелері авторлық құқықтарын қорғау мақсатында сотқа жүгіне алады. Арнайы соттың шешімін алып, интернет провайдерлер құқық бұзылған доменнің немесе сайттың қазақстандық немесе шетелдік домен екеніне қарамастан оның жұмысын блоктауға міндеттеледі, - деді ол.

Сондай-ақ ол Қазақстан авторлық құқық бұзылуына қарсы халықаралық деңгейдегі ең негізгі құралдардың бірі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының мүшесі екенін айтты.

Аталған ұйымның ұсыныстарының негізінде үкіметтер авторлық құқықты қорғайтын және интернет сайттардың авторлық құқықтарын бұзуға қарсы заңнамасын ұлттық деңгейде қабылдайды. Қазақстанда интернет желісіндегі авторлық құқықтарды қорғауға арналған арнайы заңнама – Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы кодекс, - деді вице-министр.

Ал халықаралық деңгейдегі жұмыс уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы