Құны 2 млн теңгеден асатын заңсыз алкоголь өнімдерін өткізудің жолы кесілді

25 Қыркүйек 2023, 21:47
798
Бөлісу:
Құны 2 млн теңгеден асатын заңсыз алкоголь өнімдерін өткізудің жолы кесілді
PHOTO
Фото: Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Биылғы жылдың 19 қыркүйегінде  Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті заңсыз алкоголь өнімінің айналымын анықтау және жолын кесу бойынша кезекті рейдтік іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тексеру барысында Қарағанды қаласының базарларының бірінің аумағында заңсыз алкогольді сатумен айналысатын адамдардың қызметі тоқтатылды. 

Құны 2 млн теңгеден асатын заңсыз алкоголь өнімдерін өткізудің жолы кесілді

Нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы сомасы  2 млн теңгеден астам белгіленбеген үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары бар әртүрлі атаудағы 1079 бөтелке алкоголь өнімі, сондай-ақ 355 литр спирті бар сұйықтық тәркіленді.

 

Құны 2 млн теңгеден асатын заңсыз алкоголь өнімдерін өткізудің жолы кесілді

Барлық фактілер бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар қарау үшін сотқа берілді. Тәртіп бұзушыларға тәркіленген тауарларды тәркілеу және алкоголь өнімін сатуға лицензиясынан айыра отырып, айыппұл салынады.

Өзгелердің жаңалығы