"Құны 150 млн доллар". Елімізге көлік шығаратын қандай компаниялар келеді

29 Қазан 2024, 10:30
1136
Бөлісу:
"Құны 150 млн доллар". Елімізге көлік шығаратын қандай компаниялар келеді
Фото: BAQ.KZ

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елімізде шығарылған автомобильдерде отандық компоненттердің үлесі артатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

9 айдың қорытындысы бойынша елде 82 мыңнан астам жеңіл автокөлік шығарылды. Біз отандық автомобильдердің CKD әдісімен өндірісін ұлғайтуға баса назар аударамыз. Бұл дегеніміз – елде шығарылған автомобильдерде отандық компоненттердің үлесін арттыру. Осы бағытта, шетелдік және отандық инвесторлар ел аумағында жаңа зауыттар салу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, Changan, Haval, Chery автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын, бұл зауытта CKD әдісімен жылына 90 мың бірлік автокөлік шығарылатын болады, - дейді Шарлапаев үкімет отырысында.

Министрдің мәлімдеуінше, құны 200 млн долларлық KIA автомобиль зауытының құрылысы жүргізілген. Онымен қоса, 150 млн долларға Geely, Exeed, КAIYI жеңіл автомобильдер өндірісі пысықталып жатыр.

Сондай-ақ секторды одан әрі дамыту автокомпоненттердің отандық өндірісін игеру есебінен жоспарлануда. Мысалы, биыл Алматы қаласында мультимедиялық жүйелердің және автокреслолардың сериялық өндірісін іске қосу күтілуде, - деді ведомство басшысы.

Еске салайық, бұған дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2028 жылға қарай отандық машина жасау көлемі екі есе артатынын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы