Құлсарыдан Маңғыстауға 5 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды

6 Сәуір 2024, 03:45
722
Бөлісу:
Құлсарыдан Маңғыстауға 5 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды
Фото: видеодан кадр

Құлсары қаласынан Маңғыстау облысы 5 мыңға жуық жергілікті тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оның 214-і – балалар. Олардың барлығы алты уақытша эвакуациялық пунктте орналасқан.

Маңғыстауда азаматтарды қабылдау үшін барлығы 83 мың адамға есептелген екі жүзден астам эвакуациялық пункт құрылды.

Өзгелердің жаңалығы