Құлсарыдағы төбелес кезінде аурухананың жансақтау бөліміне түскен жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
19 қаңтарда 03:05 шамасында Атырау облысы Құлсары қаласында топтық төбелес болды.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде құқықбұзушылыққа жол берген барлық тұлға полиция бөліміне жеткізілді.
Үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 2006 жылы туған жасөспірім жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - деп жазды AtyrauPress.
2000 және 2007 жылы туылған күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.