Құлсары қаласында 14 уақытша орналастыру пункті ашылды

7 Сәуір 2024, 01:21
597
Бөлісу:
Құлсары қаласында 14 уақытша орналастыру пункті ашылды
Фото: скрин

Құлсары қаласындағы жағдай туралы Атырау облысы ТЖД өкілдері айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құлсары қаласынан бүгінгі күні үш бағытта: Атырау қаласына, «ТШО» ЖШС, Маңғыстау облысындағы «Теңіз» вахталық қалашығына теміржол, автомобиль көлігі, автобустарды тарта отырып, эвакуация жүргізілді.

Бүгінгі таңда барлығы 26 109 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 834 бала бар. Құлсары қаласында 14 уақытша орналастыру пункті ашылды, онда дәрігерлер, психологтар барлық қажетті көмекті көрсетеді, - деді ОКҚ брифингінде Атырау облысы ТЖД бастығының м.а. Руслан Шариев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қалада судың төмендеуі байқалады.

Өзгелердің жаңалығы