Құламбаева Гамбургтегі WTA турнирінің іріктеу финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияда өтіп жатқан WTA 250 санатындағы Hamburg Ladies Open турнирінің іріктеу финалына шықты.

 olympic.kz 13 Шілде 2025 2025, 22:26
13 Шілде 2025 2025, 22:26
530
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияда өтіп жатқан WTA 250 санатындағы Hamburg Ladies Open турнирінің іріктеу финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

WTA рейтингінде 306-орында тұрған Құламбаева алғашқы айналымда Германия өкілі Мина Ходжичті 6:4, 7:5 есебімен жеңіп, жарыстың алты іріктеу финалының біріне жолдама алды. Финалда ол Ресей теннисшісі, әлемнің 277-ракеткасы Мария Тимофеевамен кездеседі. Матч 14 шілде күні Астана уақытымен 14:30-дан кейін басталады.

Құламбаева сондай-ақ жұптық сында Ұлыбритания өкілі Майя Люмсденмен бірге өнер көрсетеді. Бұл дуэт турнирге төртінші нөмірмен тіркелген. Олар алғашқы матчтарын 15 шілдеде австриялық Джулия Грабер мен Синья Краусқа қарсы өткізеді.

Наверх