Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары: Қазақстан қаза тапқан саяси тұтқындарды еске алады

31 Мамыр 2024, 09:05
765
Бөлісу:
Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары: Қазақстан қаза тапқан саяси тұтқындарды еске алады
PHOTO
Фото: Арман Мухатов -архив

31 мамыр - Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда 1997 жыл­дан бері жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбан­да­рын еске алу күні аталып келеді.

Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары: Қазақстан қаза тапқан саяси тұтқындарды еске алады

Қазақ халқы елдің генофондына орасан зор зиян келтірген аштықты бастан кешірді. Тарихтың қаралы беттерінің бірі - саяси қуғын-сүргін. Оған Кеңес Одағына мүше болған елдердің азаматтары ұшырады.

1921 жылдан 1954 жылға дейінгі кезеңде бүкіл одақта саяси баптар бойынша сотталғандардың жалпы саны 3 миллион 777 мыңға жетті. Оның ішінде 642 мыңына қатаң жаза жарияланды.

Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары: Қазақстан қаза тапқан саяси тұтқындарды еске алады

Осы жылдары Тұрар Рысқұлов, Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Абдулла Розыбакиев, Магази Масанчи, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Санжар Асфендияров, Халел Досмұханбетов, Жаһанша Досмұханбетов және басқа да көптеген көрнекті қайраткер ату жазасына кесілді.

Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары: Қазақстан қаза тапқан саяси тұтқындарды еске алады

Түрлі ұлт өкілдер қудаланды. Қуғын-сүргін жылдары Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен 5 миллионнан астам адам жер аударылды. Әр жылдары елге 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корей отбасы, 507 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, сондай-ақ Қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар және басқалар жеткізілді.

“Халық жауларын анықтау” саясаты салдарынан Қазақстанда 100 мың адам сотталған, олардың 25 мыңы ең жоғары жазалау шарасы – ату жазасына кесілді.

Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары: Қазақстан қаза тапқан саяси тұтқындарды еске алады

Қазақстан аумағында лагерлер мен қамау орындары бас басқармасы жүйесінің (ГУЛАГ) 11 мекемесі жұмыс істеді: Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері (АЛЖИР), Қарағанды еңбекпен түзету лагері (Карлаг), Дальний, Степной, Песчаный, Камышлаг, Ақтөбе, Жезқазған лагері, Петропавл лагері, Кингир және Өскемен лагері.

Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары: Қазақстан қаза тапқан саяси тұтқындарды еске алады

Сондай-ақ НКВД бұйрығымен репрессияға ұшырағандардың отбасы мүшелері де сотталды. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері, апалы-сіңлілері және аналарының арнайы лагерлері құрылды.

Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары: Қазақстан қаза тапқан саяси тұтқындарды еске алады

Көп жылдар өткен соң Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен КАРЛАГ пен АЛЖИР тоталитаризмнің адамгершілікке жатпайтын сипатын айғақтайтын тарихи мемориалдық кешендерге айналды.

Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары: Қазақстан қаза тапқан саяси тұтқындарды еске алады

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша жұмыс басталды. Тәуелсіз республикада қабылданған алғашқы заңдардың бірі 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" заң болды.

Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары: Қазақстан қаза тапқан саяси тұтқындарды еске алады

2020 жылы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік комиссия құрылды. Мемлекеттік комиссия мұрағаттық зерттеулер жүргізеді.

Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары: Қазақстан қаза тапқан саяси тұтқындарды еске алады

2022 жылы мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижесінде саяси қуғын-сүргін тарихына арналған материалдар мен құжаттардың 31 томдық жинағы жарық көрді. Кітаптар ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының түрлі санаттарына қатысты бұрын жарияланбаған архив құжаттары мен материалдарынан құралған.

Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары: Қазақстан қаза тапқан саяси тұтқындарды еске алады

Мемлекеттік комиссия қуғын-сүргін құрбандарының тарихын зерттеу, архив құжаттарын цифрландыру және электронды қорларды қалыптастыру бағытындағы жұмысын жалғастырып жатыр.

Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары: Қазақстан қаза тапқан саяси тұтқындарды еске алады
Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары: Қазақстан қаза тапқан саяси тұтқындарды еске алады
Қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары: Қазақстан қаза тапқан саяси тұтқындарды еске алады

 

Өзгелердің жаңалығы