Қуатты ауыл – елдің сенімді тірегі. Жамбылда ауылдықтардың слеті өтті

19 Ақпан 2023, 15:15
1740
Бөлісу:
Қуатты ауыл – елдің сенімді тірегі. Жамбылда ауылдықтардың слеті өтті
Фото: Ауыл партиясы

Тараз қаласында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының «Ауыл төрге шықсын!» атты ауыл тұрғындары мен кооперативтерінің республикалық слеті өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жиынға партия төрағасы Әли Бектаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына партиялық тізім және бір мандатты округтер бойынша сайлауға түсетін кандидаттар, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен ауыл тұрғындары қатысты.

«Ауыл» партиясының үгіт-насихат жұмысы республика кооперативтердің слетінен басталды. Саяси доданың алғашқы жұмыстарының Жамбыл өңірінде тұсауы кесілуінің өзіндік сыры бар. Партия бағдарламасының, ұстанымының негізі ауылды қолдау, дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселесін шешу екені баршаға аян. 

Аталған мәселелерді шешудің бір жолы – ауыл кооперативтерін дамыту.    Бұл тұрғыда Президент тапсырмасымен Жамбыл облысында іске асқан кооперативтік үлгі – Қазақстандағы ең үздік үлгілердің бірі болып есептеледі. Жамбылдық кооперативтер айналасы екі-үш жыл ішінде бұл жұмыста оң нәтижеге қол жеткізді. Сондықтан екі жүзге жуық делегат бас қосқан республикалық жиын аталған облыстың әр кооперативінен мүше, әр ауылынан тұрғын шақырылып, өткізілді.       Шараның және бір өзіндік ерекшелігі – оның ұлттық нақышта өтуі болды. Жиын өткен мәдениет үйінде облыс кооперативтері өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды. 

«Ауыл» партиясының төрағасы Ә. Бектаев, аталған партия атынан мәжіліс, мәслихат сайлауына түсетін кандидаттар кооперативтердің өнімдермен танысып, өз бағаларын берді.    Кооперативтер үй шаруашылықтарының табысын молайтуға бағытталған жобаларын көрмеде нақты көрсетті. Көрмеде кооперативтердің  сатып алған  ауыл шаруашылығы техникалары жұрт назарына ұсынылды. Шараға жиналғандар онымен танысып болған соң жиналыс басталды.   Жиын барысында партия төрағасы Ә. Бектаев «Ауыл төрге шықсын!» атты үгіт-насихат науқанының негізгі бағытын, тақырыбын ашып, айқындап берді.         

 «Ауыл» партиясының Парламент Мәжілісі төріндегі алғашқы бастамасы ауыл шаруашылығы өнімін, шикізатын, азық-түлік тауарларын өндірушілер мен бастапқы және терең қайта өңдеу кәсіпорындары үшін салықтардың барлық түрін (әлеуметтік аударымдардан басқа) толық жою болады. Сондай ақ фермерлер мен кооперативтерді ауыл шаруашылығы өнімдерін сату мәселесі алаңдатпауы тиіс. Сондықтан партия бірінші кезекте квазимемлекеттік сектор ұйымдары тарапынан кепілді сатып алу және өткізу жүйесін құруға қол жеткізеді», - деді Ә. Бектаев.    

Қуатты ауыл – елдің сенімді тірегі. Жамбылда ауылдықтардың слеті өтті

 Партия төрағасы көпшілік назарын сонымен қатар «Ауыл» партиясының тек ауылдықтарға емес, қалалықтарға да ұсынынатын көптеген бағыты бар екеніне аударды.          «

Қуатты ауыл – елдің сенімді тірегі. Азық-түлік сөрелерде өспейді, сөрелерде баға ғана өседі. Біз азық-түлік нарығынан артық делдалдарды ығыстыру үшін бар күшімізді саламыз. Егістікте өсірілген және қайта өңдеу кәсіпорындарында өндірілген өнімдер тікелей сөрелерге түсуі керек. Фермерлерді ірі сауда орталықтарына мүмкіндігінше жақындатамыз», - деді партия төрағасы. 

Слетте 2022 жылы өткен ҚР Президент сайлауында «Ауыл» партиясы атынан кандидат болған Жигули Дайрабаев, белгілі журналист Анна Данченко, Жамбыл облыстық қызылша өндірушілер ассоциациясының төрағасы Саха Манатов және облыстық мәслихатқа үміткерлер сөз сөйледі. 

Жиын соңында ауыл ақсақалдары қазақтың киелі қарашаңырағы – киіз үйінде кандидаттарды жинап,  олардың саяси додада мәреге шашасына шаң жұқпай жетулеріне тілеулестік білдіріп, баталарын берді.    

Өзгелердің жаңалығы