Петропавлда тоқта тұрған зарядтау құрылғысы өртеніп, мүгедек азамат ауыр күйікпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2025 жылғы 16 қыркүйек күні Петропавл қаласындағы көпқабатты үйдің пәтерінде тоқта тұрған зарядтау құрылғысының тұтануы салдарынан өрт шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, 42 адамды, оның ішінде 5 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Өрт кезінде ауыр күйік алған мүгедек азамат жедел түрде ауруханаға жеткізілген.
2025 жылғы 16 қыркүйек 20:18-де Петропавл қ., Н. Назарбаев көшесі, 246 үй, 21 пәтер мекенжайы бойынша бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде аумағы 1 ш.м. (матрастың жануы) өрт шықты. ТЖД бөлімшелерімен өрт сағат 20:34-те оқшауланып, толық сөндірілді. Авариялық-құтқару жұмыстары барысында: 1961 жылы туған, жүре алмайтын, мүгедек азамат құтқарылып, дене күйіктерімен ауыр халде медициналық мекемеге жатқызылды. Баспалдақ маршы арқылы 42 адам, соның ішінде 5 бала эвакуацияланды. Өрттің шығу себебі – зарядтау құрылғысының қысқа тұйықталуы, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін пауэрбанк жарылып, Алматыда күйік шалған жасөспірім ауруханаға түскен болатын.