Қуантыров Жолдаудағы тапсырмалар қалай орындалатынын айтты

18 Наурыз 2022, 09:20
1254
Бөлісу:
Қуантыров Жолдаудағы тапсырмалар қалай орындалатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты. 

Мемлекет басшысының Жолдауы аясында елдің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтықжүйесін өзгерту бойынша мақсаттар қойды. Ел Конституциясына 30-дан астам толықтырулар енгізіліп, жыл соңына дейін 20 заң қабылданады. Президенттің Жолдауы бойынша Ұлттық экономика министрлігі елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру,жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру,
дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар сынды үш міндетті атқарады, - деді ол. 

Қуантыров атап өткендей, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру көзделуде және халықтың пікірін ескере отырып, Қапшағай қаласын қайта атау мәселесі пысықталуда.

Мемлекет басшысының Жарлығын дайындау жөніндегі жол картасы және оны іске асыру жөніндегі ұйымдастыру шараларының жоспары әзірленетін болады.Бұл құжаттарда әкімшілік-аумақтық қайта құруларға байланысты мынадай барлық қажетті іс-шаралар:Облыстар мен елді мекендерді атау мәселелерін қоса алғанда, облыстарды және олардың шекараларын бөлу туралы қажетті Жарлықтарын және Үкімет қаулыларын әзірлеу және қабылдау,жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің штат санындағы өзгерістер,коммуналдық меншікті беру және қабылдау,заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу,жаңадан құрылған облыстарда мемлекеттік органдар құру жинақталатын болады, - деді Қуантыров.

Министр атағандай, бұл облыстардың құрылуы тек осы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ғана емес, бүкіл экономиканың дамуына оң әсерін тигізеді.

 

Өзгелердің жаңалығы