Қуантыров ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы қай өңірлерде төмен екенін атады

15 Наурыз 2022, 09:25
1120
Бөлісу:
Қуантыров ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы қай өңірлерде төмен екенін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты.

Есепті кезеңде ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 1,6%-ке ұлғайды.Ең төмен көрсеткіштер Қостанай және Жамбыл облыстарында байқалуда. Саладағы өндірістің оң өсуі 15 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсуді Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары көрсетті. 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай.Барлық көрсеткіш бойынша оң өсу 3 өңірде – Ақмола және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қалаласында белгіленіп отыр, - деді ол. 

Қуантыров атағандай, 6 көрсеткіш бойынша өсу 9 өңірде байқалуда. 

Олар Алматы қаласы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай, Атырау, Қарағанды және Түркістан облыстары.5 көрсеткіш бойынша оң өсім 3 өңірде – Қызылорда және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында байқалуда.4 көрсеткіш бойынша оң өсім Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында байқалуда, - деді ол. 

 

 

Өзгелердің жаңалығы