Қуантыров: Ақтөбеде 2025 жылға қарай 4,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

25 Қаңтар 2022, 10:22
1228
Бөлісу:
Қуантыров: Ақтөбеде 2025 жылға қарай 4,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті.

Қуантыров Ақтөбе өңірінің кешенді даму жоспарындағы іске асатаны жобаларды атап өтті.

Денсаулық сақтау және білім беру жүйелері қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін қазіргі заманғы инфрақұрылым құрылатын болады. 18 ауылда денсаулық сақтау нысандары салынады. 224 мектеп жаңғыртылып, оңалту орталығы салынады. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында колледж студенттері үшін екі жатақхана салу жоспарлануда. Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай негізгі капиталға салынатын инвестициялар өсімі 2,5 есені немесе 1,5 трлн теңгені құрайды, өнеркәсіп көлемі 1,6 есеге немесе 1,8 трлн теңгеден 2,8 трлн теңгеге дейін артады, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 37%-ға өсуін қамтамасыз етеді, -деді министр.

Сонымен қатар Қуантыровтың атап өтуінше, 2025 жылға қарай 4,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек, сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 100%-ды құрайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы