Қуандық Бишімбаевқа кесілген сот үкімі қайта қаралады

Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сотқа жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Жоғарғы соттың баспасөз қызметі 11 Маусым 2024 2024, 15:42
11 Маусым 2024 2024, 15:42
1952
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сотқа жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ақпаратты Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растады.

Енді экс-шенеунікке кесілген сот үкімі қайта қаралады. 

Еске салсақ, былтырғы жылдың қараша айында экс-министр Қуандық Бишімбаев ұсталды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп күдікке ілінді. 

Тергеу амалдары наурыз айына дейін жалғасты. Ал сот отырыстары наурыздан мамыр айына дейін болды. 

13 мамырда атышулы іс бойынша үкім шығарылды. Нәтижесінде экс-министр 24 жылға, ал оның інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Наверх