Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуандық Бишімбаев жазасын қайда өтеп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол (Бишімбаев) сот үкіміне шағым түсіріп жатыр. Сол себептен осы жерде (еск – Астанада) тергеу изоляторында отыр. Әрі қарай белгілі болады, - деді Қожаев Мәжіліс кулуарында.
Еске салайық, БАҚ беттерінде Бишімбаевтар әулеті мүлкінің заңдылығын тексеруге қатысты петиция жарияланған болатын. Қаржы мониторингі агенттігі оның қорытындысы бойынша тексеріс жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.