ҚТЖ 550 км-ден астам темір жолға күрделі жөндеу жүргізеді

29 Сәуір 2022, 21:02
1771
Бөлісу:
ҚТЖ  550 км-ден астам темір жолға күрделі жөндеу жүргізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның магистраль желілерінде жыл сайын жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Биыл да теміржолдың 550 км теліміне күрделі жөндеу жүргізілмек. 

Бүгінгі таңда күрделі жөндеу Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Шымкент, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау жол бөлімшелері аумағында жүргізіліп жатыр. Бұл өңірлердің телімдерінде теміржолшылар мен мердігерлер ескі жолды демонтаждау және жаңа рельс-шпал торшалар салу жұмыстарын атқаруда. Жөндеу барысында арнайы жол техникалары  (таратып, орнату крандары, түзеу-шегелеу-рихтовкалау құралдары, әмбебап алмалы-салмалы жабдықтармен жарақталған платформалар және т.б.) қолданылады.  

Күрделі жөндеу жүргізуден бөлек биыл теміржолшылар 133,5 км жолға күшейтілген орташа және орташа жөндеу жүргізеді. 75,15 км жолдың рельс тіреуіштерін, 164,47 км жолдың рельс табандарын ауыстыру көзделген. 

2022 жылдың соңына дейін жөндеу жұмыстарының барлық түрлерімен шамамен 1054 км темір жол төсемі қамтылады. 

Өзгелердің жаңалығы