ҚР Сыртқы істер министрі БАӘ Елшісін қабылдады

23 Желтоқсан 2023, 00:40
512
Бөлісу:
ҚР Сыртқы істер министрі БАӘ Елшісін қабылдады
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммед әл-Арикині қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар қазақ-әмірлік ынтымақтастығы мен халықаралық ұйымдар аясындағы елдеріміздің өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады. Барлық деңгейдегі саяси диалогтың жоғары динамикасы мен мазмұндылығын және сауда-экономикалық пен инвестициялық өзара іс-қимылдың белсенді дамуын атап өтті.

Дипломаттар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың COP28 климаттық саммитіне қатысу үшін Дубайға жақында жасаған жұмыс сапарының қорытындысы бойынша екіжақты уағдаластықтардың іске асырылу барысы туралы пікір алмасты.

Өзгелердің жаңалығы