Азаматтар сот жүйесіне қатысты сұрақтарына QR-code арқылы жауап ала алады

25 Сәуір 2019, 20:24
3882
Бөлісу:
Азаматтар сот жүйесіне қатысты сұрақтарына QR-code арқылы жауап ала алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азаматтардың сот жүйесіндегі жаңалықтарға, пилоттық жобалар тиімділігіне, сот құжаттарының үлгілеріне, өзге де өздерін қызықтыратын сұрақтарға QR-code арқылы қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы жаслаған базалық топтама таныстырылды.

QR  “Quick Response - Шұғыл жауап”- бұл мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді (бар код) штрих-код. 

QR-кодтың көмегімен кез-келген ақпаратты кодтауға болады, мысалы: мәтін, телефон нөмірін, сайттың сілтемелерін немесе визиттық карточканы. Камерасы бар ұялы телефонды аласыз, кодты сканерлеу үшін бағдарламаны іске қосасыз, камераны кодқа әкелесіз де, ақпаратты аласыз! 

Егер бағдарламалар ұялы телефонынызда немесе планшетіңізде орнатылмаған болса, оларды «Play market» және «App Store»  қосымшалары арқылы тегін жүктеп алуға болады.

Заман  талабынан  қалмай, сот жүйесі жұмысына жаңа  технологияларды енгізудің  маңызы  зор.  Жоғарғы  технологиялар азаматтарға сот төрелегіне  деген қолжетімділікті кеңейтіп, оның  ашықтығын  арттырады.

Өзгелердің жаңалығы