Қозыбаев университеті Аризона университетімен стратегиялық серіктестік жүргізеді

19 Шілде 2022, 16:00
2519
Бөлісу:
Қозыбаев университеті Аризона университетімен стратегиялық серіктестік жүргізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы М.Қозыбаев атындағы СҚУ инновация және интернационализация мәселелрі бойынша басқарма мүшесі Дәмелі Мектепбаева ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Қозыбаев Университеті Аризона университетімен стратегиялық серіктестік жүргізеді. Бұл қазақстандық талапкерлер алдында үлкен перспективалар ашады. Біріншіден-халықаралық үлгідегі қос диплом алу. Сұранысқа ие мамандықты игеру. Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ-тың жетекші профессорларының сабақтарына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қатысу мүмкіндігі бар. Бұл ретте оқыту гранттар бойынша жүзеге асырылатыны, яғни оқуға түскен балалар үшін, оның ішінде соңғы семестрде Аризона университетінде оқу тегін болатыны маңызды, - деді ол. 

Шілде айында жобаны іске қосу үшін білім және ғылым министрлігі, Аризона Университеті және М.Қозыбаев атындағы СҚУ арасында бірлескен жобаны әзірлеу үшін негіз болған 3 жақты меморандумға қол қойылды. 

Сондай-ақ Назарбаев Университетінде бар 1200 орындық заманауи жатақхананың құрылысы аяқталады деп күтілуде.Бұл платформада студенттерге арналған креативті кеңістіктің жаңа түрлерін көздейтін, тек академиялық оқу үшін ғана емес, сонымен қатар студенттер арасындағы коллаборация, коворкинг және нетворкинг үшін де жағдай жасайтын жаңа экоорта құрылады. Кадрлармен қамтамасыз ету үшін Болашақ стипендиясының ең мықты түлектері, сондай-ақ Назарбаев Университетінің түлектері қатарынан университет басқармасы құрылды, - деді ол. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қос диплом бағдарламасын іске қосу, сондай-ақ СҚУ профессорлық-оқытушылық құрамын әлемдік академиялық стандарттарға оқыту пысықталып жатыр.

Бағдарламаларда міндетті пәндер блогы сақталады.Жобада Аризона университетінің базасында оқудың бір бөлігін өту мүмкіндігі қарастырылған, кем дегенде бұл 1 академиялық семестр болады.ЖОО-ға неғұрлым кең академиялық автономия беріледі деп жоспарлануда. 2000 студентке арналған жаңа оқу-зертханалық корпустың құрылысы жүріп жатыр. Бұл корпус өз құрамына 70-тен астам заманауи зертханаларды қамтиды.

Өзгелердің жаңалығы