Қозғалысты шектеу бойынша жедел ақпарат

3 Қыркүйек 2022, 16:39
1337
Бөлісу:
Қозғалысты шектеу бойынша жедел ақпарат

 Қостанай облысында орын алған орман өртіне байланысты автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ИИДМ ресми сайты мәлімдейді.

03.09.2022 ж. сағ. 16.15-те Қостанай облысында орын алған орман өртіне байланысты "Қостанай-Әулиекөл-Сурган" автожолының 8-108 шақырымдары аралығында (Тобыл қаласы мен Әулиекөл ауылы учаскесі) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді,- делінген хабарламада.

Қостанай қаласына қозғалыс Қойбағар, Қарасу және Алтынсарин ауылдары арқылы жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы