Қояндыда су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр

26 Наурыз 2024, 23:40
380
Бөлісу:
Қояндыда су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ -архив

Ақмола облысы Қоянды ауылында 50 мыңдай тұрғын 26 наурызда сағат 20.40-та ауыл әкімдігінің алдындағы жолды жапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті тұрғындар су тасқынына қарсы шаралар мәселесіне назар аударту мақсатында жиналған.

Тұрғындармен аудан әкімі Бақытбек Оспанбеков және облыстық ТЖД басшысы Қанат Доспаев кездесіп, сөйлесті.

Сағат 22.00-де барлық жол ашылды. Тұрғындар үйлеріне тарасты.

Қазіргі сәтте Қоянды ауылында күшейтілген режимде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 150 мың куб метр қар шығарылды. Қарды шығаруға 10 бірлік көлемінде инженерлік және арнайы техника жұмылдырылды, - делінген аудан әкімдігі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар Қоянды ауылында 9,5 мың метр арық пен каналдар, сондай-ақ 46 дана су өткізетін құбыр тазартылғаны айтылды.

35 мың метр куб қар суы ағызып шығарылды.

Сондай-ақ әкімдік автомобиль жолдарын жабу сынды заңға қайшы әрекеттерге жол берілмейтінін алға тартты. Заңнаманы бұзғандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Өзгелердің жаңалығы