Қоянды ауылында су бұру каналы салынып жатыр

17 Қыркүйек 2024, 20:52
352
Бөлісу:
Қоянды ауылында су бұру каналы салынып жатыр
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысы Қоянды ауылында су бұру каналы салынуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақмола облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су тасқынының және елді мекен көшелерін еріген қар суы басуының алдын алу мақсатында Қоянды ауылының айналасында су бұру каналы салынуда.

Жоба Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың бастамасымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «QazaqCityStroy» ЖШС жүзеге асыруда.

Бүгінгі таңда мердігерлік ұйым жалпы ұзындығы 4 км (оңтүстік тармағы 2 км және шығыс тармағы 2 км) су бұру арнасын орнату бойынша жер жұмыстарын жүргізуде. Арнаның жалпы құрылысын осы жылдың қараша айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы