Наурыздағы мерекелерге қосымша пойыздар қосылады

4 Наурыз 2019, 15:03
1884
Бөлісу:
Наурыздағы мерекелерге қосымша пойыздар қосылады

Астана, BAQ.KZ. Көктем мерекелері қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша біржолғы пойыздарды іске қосады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

- №202/201 Астана-1-Павлодар, Астана-1 ден   20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады;

- №204/203 Астана-1-Алматы-1, Астана-1 ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1 ден 21, 25 наурыз күндері;

- №205/206 Алматы-2-Арыс-1, Алматы-2 ден 7, 21 наурыз күндері, ал Арыс-1 –ден 9, 23 наурыз күндері;

- №241/242 Қызылорда-Атырау, Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан 21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді.

Сонымен қатар, №49/50 Алматы-2 - Орал   бағытындағы пойыздың қосымша құрамы Алматы-2 ден 13 наурыз күні шықса, Орал қаласынан 16 наурыз күні кері сапарға шығады.

Компания әр уақытта пойыздардың жолаушылармен толуын қадағалап, арнайы сараптама жүрігізіп отырады. Осы сараптаманың негізінде     жолаушылар тарапынан сұранысты қанағаттандыру үшін қосымша вагондар мен поездар іске қосылады.   

Осыған орай алдағы мерекелер қарсаңында Ұлттық тасымалдаушы вагон паркін 100 пайыз пайдалануды көздеп отыр.  

 

Өзгелердің жаңалығы