Қостанайлық жастар баспаналы болады

24 Тамыз 2022, 20:43
1514
Бөлісу:
Қостанайлық жастар баспаналы болады
PHOTO
Фото: автордан

Қостанайлық жас отбасыларына арналған «Жас Шаңырақ» бағдарламасы аясына пәтерлі болуға ниет білдіргендердің қатары көп, деп хабарлайды Қостанай облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл бағдарламаға жылаяғына дейін 700 млн теңге жұмсалмақ. Қомақты қаражаттың тең жартысын Қостанай облыстық әкімдігінің қазынасынан бөлінсе, қалғанын «Отбасы банкі» беретін болды. Бүгін  аталмыш бағдарлма аясында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова арасында екі жақты меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Қостанайлық жастар баспаналы болады

Тұғыш рет облыс аумағында қолға алынған «Жас шаңырақ» бағдарламасына 35 жасқа дейінгі Қостанай қаласының тұрғындары қатысуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік немесе бюджеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, әлеуметтік салада, коммуналдық қызметтерде жұмыс істейтін жастардың осыған қатысуына мүмкіндігі бар.Ең бастысы талаптарына сай болуы керек. Келесі жылдан бастап облыстың өзге Рудный, Арқалық, Лисаков, Жітіқара секілді шағын қалаларында қатыстыру қаралған, – дейді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.

Осы тұста аталмыш бағдарламаның өзіндік талаптары бар екенін айта кеткен жөн. Ол, бағдарламаға қатысуға ниет білдірген жастардың бір жылдан артық тұрақты жұмысы болуы керек. Оның сыртында соңғы жарты жыл ішінде отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табыс көлемі алты еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз болып қалмауы шарт. Оның сыртында жанұяның соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлік болмауы тағы бар.

Қостанайлық жастар баспаналы болады

«Бұл «Отбасы банкі» тарапынан жастарға арналған алғашқы тұрғын үй бағдарламасы емес. Атап айтар болсам, осыдан 5 жыл бұрын Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, осындай бағдарламаны жүзеге асырдық. Кейін осы бағдарламаға Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қосылды. Биыл бұл бастаманы тағы үш облыс  қолдап отыр. Олар -Қарағанды, Тараз және Қостанай облыстары.

Жалпы осы уақытқа дейін жастардың жеке баспаналы болуына әкімдіктер мен «Отбасы банк» тарапынан жеңілдетілген шарттармен 58 млрд теңгенің көлемінде қаражат бөлінді. Осылайша, отбасын  құрып, шаңырақ көтерген жас отбасылардың жергілікті жерлерде баспана мәселесін шешуге бұл бағдарлама өзінің көмегін тигізуде. Бұл - жастар үшін үлкен қолдау. Өйткені, жас отаудың жеке баспанасы болашаққа деген сенім, отбасын құруға, кәсіби өсуге ықпал етеді, – дейді «Отбасы Банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова. 

Қостанайлық жастар баспаналы болады

Қостанайлықтар «Жас шаңырақ» бағдарламасына өтініштерді алдағы қыркүйек айынан беруге болады.

Бағдарлама талабына сай келіп түскен өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін арнайы комиссия әрбір отбасының жинаған ұпайлары бойынша бағдарламаға қатысушыларды таңдайды. Ұпайлар санында некеде тұру жылдарының саны, балаларының болуы, жұмыс тәжірибесі, кәсіби және әлеуметтік тұрмысы бастапқы назарда болмақ.

Сынақтан сүрінбей өткендер Отбасы банкінде төлем қабілеттілігін  растап, сатып алатын баспаналарын өздері таңдауы керек. Баспананы жаңадан салып жатқан үйлермен  қатар екінші нарықтағы үйлерді де сатып алуға болады.

Қостанайлық жастар баспаналы болады

Отбасы банк пәтер сатып алуға беретін несиенің ең жоғарғы сомасы 15 млн теңге деп белгілеген. Ал бұл соммадан асып кеткен баспана болса, оны отбасы өз қаражатынан төлеуге борлады. Ал баспананы сатып алу үшін төленетін алғашқы жарна баспана құнының он пайызын құрайды. Ал несие бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі бес пайыз болады. Несиенің мерізімі 19 жыл.

Өзгелердің жаңалығы