Қостанайлық оқушы су тасқыны кезінде көпірлерді қираудан қорғайтын инновациялық жоба әзірледі

19 Ақпан 2025, 14:55
250
Бөлісу:
Қостанайлық оқушы су тасқыны кезінде көпірлерді қираудан қорғайтын инновациялық жоба әзірледі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қостанайлық оқушы су тасқыны кезінде көпірлерді қираудан қорғау үшін "Smart Bridge" инновациялық жобасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі "100 жаңа есім — 100 жаңа тұлға" айдарын жалғастыруда.

Бүгінгі айдардың кейіпкері — Қостанай ауданы Александр мектебінің 10-сынып оқушысы Виктор Рыжков. 

Жас өнертапқыш ұстазы Виталий Базаркиннің жетекшілігімен су деңгейінің күрт көтерілуі кезінде көпірлердің бұзылуына жол бермейтін "Smart Bridge" инновациялық жүйесін құрастырды. 

Бұл идея Викторға 2024 жылғы көктемгі су тасқынынан кейін келген. Автоматтандырылған жүйе су деңгейінің критикалық көтерілуінің алдын алады: датчиктер алдымен қауіпті тіркейді, ал бағдарламаланған Arduino микроконтроллері көпірді бірден көтеру механизмін іске қосады, оны тіпті күшті ағынмен де бұзудан қорғайды.

Менің мақсатым — адамдар мен инфрақұрылымның су тасқынына дайын болуына көмектесетін жүйені құру. Жобаны жасау барысында көтеру механизмін таңдау қиындық тудырды, бірақ оны сәтті жүзеге асыра алдық, — дейді Виталий Базаркин.

Болашақта Виктор көпірді көтеру функциясын және шұғыл қызметтерге автоматты түрде хабарлама жіберетін радио интеграцияны қосу арқылы модельді жетілдіруді жоспарлап отыр, бұл дабылға жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Жоба қазірдің өзінде жоғары бағаланып, «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» Республикалық инновациялық идеялар байқауында «Өнеркәсіп саласындағы техникалық құрылыс» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болды.

Өзгелердің жаңалығы