Тұрғындар Арқалық қаласына жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
29 наурыз күні ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің көліктік-жауынгерлік тікұшақтарының экипаждары Қостанай облысы Амангелді ауданының қыстақтарынан 82 адамды (оның ішінде 34 бала) эвакуациялап, Арқалық қаласына жеткізді, - делінген хабарламада.