Қостанайдағы өртенген ауылдың көрінісі

5 Қыркүйек 2022, 12:19
1913
Бөлісу:
Қостанайдағы өртенген ауылдың көрінісі
VIDEO

Қостанай облысында өртенген Аманқарағай ауылы дронның көмегімен видеоға түсірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

3 қыркүйекте облыстық ТЖД орман өрті Аманқарағай ауылына жеткенін хабарлады. Куәгерлер әлеуметтік желілге өртенген ауылдың видеосын сала бастады.

Кадрда өртенген үйлер, қирап қалған ғимараттарды көруге болады. ТЖД мәліметінше, өрт мұнай базасының әкімшілік ғимараты мен жақын маңдағы 30 тұрғын үйге тараған. Кейін куәгерлер өрттің ауыл ішіне кіргенді туралы айта бастады. 

Естеріңізге сала кетейік, 3 қыркүйекте метеорологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты, оның ішінде ауа температурасы 36 градус болып, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетіп, өрт аумағы 9 400 гектардан асты.

Өртті сөндіруге 224 техника мен 7 әуе кемесі жұмылдырылған. Сондай-ақ, жеке құрамның 1893 адамы қызыл жалынды ауыздықтау жұмысын жүргізіп жатыр.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданындағы өрт салдарынан 98 үй өртеніп кеткен.

Сондай-ақ, тілсіз жау 1936 жылы туған бір тұрғынның өмірін жалмады. Ал өрт кезінде 10 адам жарақат алды. Оның төртеуі қазір ауруханада жатыр.

Өзгелердің жаңалығы