Қостанайдағы өрт. Үйсіз қалғандардың баспанасын «Қазақстан халқына» қоры жабдықтайды

16 Қыркүйек 2022, 14:24
1386
Бөлісу:
Қостанайдағы өрт.  Үйсіз қалғандардың баспанасын «Қазақстан халқына» қоры жабдықтайды

Бұл туралы«Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының қорытынды конференциясының брифингінде  Қор төрағасы Болат Жәмішев айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Қостанай облысындағы өртте азаматтар үйсіз-күйсіз қалды. Өзге қайырымдылық қорлар төтенше жағдай барысында адамдарға көмектесті. Бұл – қалыпты жағдай. Біз оны қайталамауға тырысамыз. Біз бұл жағынан ешқандай әрекет жасаған жоқпыз. Біз әкімдікпен талқыладық. Олардың үйлері жөнделіп, кірген кезде, үйді жабдықтау мәселесі шығады. Сол кезде біз көмекке кірісеміз, - деді ол. 

Жәмішев атағандай, қайырымдылық қорларымен бірлесе жұмс істеп, оларға қолдау көрсетіліп жатқанын да айтты. 

Қостанайдағы өртке бөлінетін сома орташа болады. Жиһаз, теледидар, тоңазытқыш сатып алуға жеткілікті болады. Оны біз әлі ақылдасып, шешеміз, - деді Жәмішев. 

Сондай-ақ брифинг барысында қаңтар оқиғаларынан зардап шеккендерге де көмек көрсетілетіні айтылды. 

Өзгелердің жаңалығы