Қостанайдағы өрт. Президент тұрғын үй құрылысына қатысқандарды марапаттады

21 Қараша 2022, 09:04
1035
Бөлісу:
Қостанайдағы өрт. Президент тұрғын үй құрылысына қатысқандарды марапаттады
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт кезінде зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға белсенді қатысқаны үшін наградталсын: 

«Құрмет» орденімен

Ибраимов Дәулет Дулатұлы  – «Строй Элит Дом» ЖШС байқаушы кеңесінің төрағасы;

Қарамакин Бауыржан Сәбитұлы  – «СК КВS» ЖШС директоры;

Орымбаев Нұрлан  Бахытжанұлы  – «Рудныйсоколовстрой» АҚ бас директоры; 

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Владимирова Оксана  Рашитовна  – «Рудныйсоколовстрой» АҚ «Отделстрой» ҚБ аға прорабы; 

Жақсалықов Олжабай Баймендіұлы  –  «БК-Строй» ЖШС тас қалаушысы;   

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Арыққұлов Ерболат Болатұлы –  «Строй Элит Дом» ЖШС бригадирі;

Әбдіков Дархан Жәнібекұлы  –  «Алюминстрой» ЖШС директорының орынбасары;

Бекжанов Тайыр Ренатұлы   – «Алия-Сервис» ЖШС филиалының директоры;

Бораш Әбдірахман Әбдіхалықұлы  –  «Парасат Строй Проект» ЖШС директоры;

Ким Сергей Романович  – «БК-Стройпром» ЖШС директоры.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы