Қостанайдағы өрт. Елордада гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды

4 Қыркүйек 2022, 14:52
993
Бөлісу:
Қостанайдағы өрт. Елордада гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды

Елордада Қостанай облысындағы өртке байланысты гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Амanat партиясының елордадағы филиалының жауапты хатшысы Берік Жәкенов жазды.

Қадірлі достар! Қостанай облысындағы апат көңілімізді жүдетті. Тілсіз жаудың салдарынан Қостанай жұрты қазір үлкен қауіп-қатермен күресуде. Осы орайда бүгін таңертеңнен бастап Amanat партиясының өңірлердегі филиалдарында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылатыны туралы партия төрағасы Ерлан Қошанов хабарлады. Партияның елордалық филиал ғимаратында, яғни Тәуелсіздік даңғылы, 3 мекенжайы бойынша гуманитарлық көмек қабылдау пункті бүгін 9.00-ден бастап өз жұмысын бастады. Сонымен қатар, партия мүшелері мен «Жастар рухы» волонтерлері қосылып, Қостанай облысына көмек көрсету үшін шығатын болады. Қазақ қашанда бірлігі бекем, жақынына жанашыр бола білген халық. Біз Қостанай халқымен біргеміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! – деп жазды Б.Жәкенов.

Айта кетейік, гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің мекенжайы Тәуелсіздік даңғылы, 3. Байланыс нөмірі: +7 777 867 17 17.

Өзгелердің жаңалығы