Қостанайдағы өрт азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейді – Қарашөкеев

8 Қыркүйек 2022, 11:08
2670
Бөлісу:
Қостанайдағы өрт азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етпейді – Қарашөкеев

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Сенаттың жалпы отырысының кулуарында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі. 

Қостанай облысы бойынша егістік алқаптарының зардап шегуі жоқ. Қазір біз комиссияның соңғы қорытындысын күтіп отырмыз. Ол Қостанай облысы мен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер етепейді. Жалпы бүгінгі күнге дейін астықтың 60 пайызы жиналды. 11,5 млн тонна дәнді-дақыл жиналды, оның ішінде 9 млн тоннасы бидай өнімі. Жұмыс істеліп жатыр, - деді Қарашөкеев. 

Айта кетейік, 7 қыркүйектегі жағдай бойынша Қостанайдағы өрт сөндірілді. 

2 қыркүйекте Қостанай облысындағы «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ екі орман шаруашылығының аумағында өрт шықты. Олардың аумағы 4 қыркүйекте 43 мың гектардан асты. Бірнеше ауданның тұрғыны эвакуацияланды. Өрт салдарынан 12 адам зардап шекті, біреуі қаза тапты. Төтенше жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапарымен барып, Әулиекөл ауданындағы дала өрттерін жою жұмыстарының барысын бағалады.

7 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы табиғи өрттердің локализацияланғанын айтты.

Қыркүйектің 10-ы күні Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабы Әулиекөл ауданында ірі орман өртінің ауыздықталғанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы