Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қостанайда жер қатынастары саласында 50 заңсыздық анықталды

12 Тамыз 2025, 05:23
532
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Қостанай облысында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңбұзушылықтарға жол берілген. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті тексеру барысында жер қатынастары бойынша көрсетілген 50 мемлекеттік қызметтен кемшіліктер тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, бірқатар қала мен ауданда мемлекеттік орган басшылары іссапарда немесе демалыста жүрген кезде олардың электронды цифрлық қолтаңбасы басқа қызметкерлермен пайдаланылған. Бұл – "Электронды құжат және электронды цифрлық қолтаңба туралы" заң талаптарына қайшы әрекет.

Департамент өкілдері мұндай жағдайлар мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілік принципін бұзып, жемқорлық тәуекелдерін арттыратынын ескертті. Кемшіліктерді жою туралы хаттар жіберіліп, материалдар кінәлілерді жауапқа тарту үшін өкілетті органға жолданды.

Өзгелердің жаңалығы