Қостанайда зергерлік бұйымдар ұрлағандар ұсталды

22 Қыркүйек 2022, 20:49
1233
Бөлісу:
Қостанайда зергерлік бұйымдар ұрлағандар ұсталды

Қостанайда млн теңгенің зергерлік бұйымдарын ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алтын бұйымдарды ұрлау туралы өтініштер Қостанай қаласының полиция басқармасына бірден үш дүкен мен бутик иелерінен келіп түсті. Барлық қылмыстар бір сценарий бойынша жасалған. Белгісіз адам алтын зергерлік бұйымдарды көрсетуді сұрайды, ұзақ уақыт таңдап, сақиналар мен сырғалардың басқа үлгілерін әкелуді сұрайды, ал сатушының назары басқаға ауған кезде, ол бұйымдарды абайлап ұрлап отырған. 

Кейін сатып алудан бас тартып, бутиктер мен дүкендерден шығып кетеді. Сатушы тауарды жинай бастағанда, бұйымдардың жоғалғаны анықталған. 

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-тергеу әрекеттерін жүргізу барысында полицейлер облыс орталығының 26 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас қылмыс жасауға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы