Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қостанайда төсекте шылым шеккен адам өртеніп кете жаздады

15 Шілде 2025, 10:17
428
Бөлісу:
 pixabay.com
VIDEO
Фото: pixabay.com

Қостанайда пәтерде шыққан өрттен ер адам құтқарылды. Оқиғаға төсекте темекі шегу себеп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай қаласындағы көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шықты. Құтқарушылардың айтуынша, от матрастан тұтанып, бөлмені түгел түтінге толтырған.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер түтін ішінен 58 жастағы ер адамды шығарып үлгерді. Оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Қостанай қ. Маяковский көшесінде тұрғын үйдегі пәтерде өрт шықты. Матрас пен жастық жанған - бұған төсекке жатып шылым шегу себеп болған. ТЖМ құтқарушылары тез арада түтінді пәтерге кіріп, 1988 ж.т. ер адамды эвакуациялады. Өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Өзгелердің жаңалығы