Бүгін сағат 11:20-да Қостанай станциясында маневрлік жұмыстар жүргізу кезінде тепловоз бен жеңіл автомобиль соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, апатқа автомобиль жүргізушісі себеп болған.
2025 жылғы 10 мамырда сағат 11:20–да Қостанай станциясында маневрлік жұмыстар жүргізу кезінде тепловоз бен жеңіл автомобиль соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.
Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. ҚТЖ темір жолдарды кесіп өту кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.