Қостанайда полицияға көмек көрсететкен қала тұрғындары марапатталды

15 Сәуір 2022, 22:01
1154
Бөлісу:
Қостанайда полицияға көмек көрсететкен қала тұрғындары марапатталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы горнизондық таратуда Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды атап өтті.


Олардың арасында қостанайлықтар Данияр Мұқашев пен Дамир Жүсіпбеков те бар, олар қыздың көпірден секіріп кетуіне жол бермеді. 

Жастар  бағалы сыйлықтармен - ІІМ логотипі бар қол сағаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, қылмыстарды ашуға және із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге полицияға көмек көрсететін еріктілер де марапатталды. Олар - "Барс" жасағынан Әсем Шампеисова, "Дос" Вячеслав Степанец және "Регион – 10" ерікті көмекшісі Лариса Галкина.

Қостанайда полицияға көмек көрсететкен қала тұрғындары марапатталды

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, полиция жұмысының форматы жыл сайын өзгеріп отырады. Қазіргі уақытта облыста полицияға 90-нан астам еріктілер ұйымы көмек көрсетеді, олардың құрамында 3 мыңға жуық адам бар.

11 сәуірде қызды көпірден құтқарған облыс орталығының патрульдік полицейлері Талғат Қалисенов пен Диас Бабулов та марапатталды.
Жеке құрам алдында сөз сөйлеген ведомство басшысы Ерлан Омарбеков полицейлердің назарын ішкі істер органдарын реформалау және "Халық үніне құлақ асатын мемлекет", "Полицияның қадамдық қолжетімділік" қағидаттарын іске асыру жөніндегі міндеттерге аударды.

Қостанайда полицияға көмек көрсететкен қала тұрғындары марапатталды

Бұл күні аймақ полицейлері жазғы киім үлгісіне көшті. Жеке құрамның дәстүрлі байқауында Департамент басшылығы тәртіп сақшыларының нысанды киім-кешегін, қызметтік куәліктердің сәйкестігін және саптық дағдысын тексерді. Іс-шара соңында полицейлер салтанатты маршпен жүріп өтті.

Өзгелердің жаңалығы