Қостанай қаласында балаларының көзінше полицейді ұрып-соққандар ұсталды.
Мас болған агрессивті азаматтар полиция қызметкерін жабылып ұрған.
Полиция қызметкері қызметтен тыс уақытта балаларымен жүрген кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғандарды байқаған. Содан кейін полиция қызметкері құқық бұзушыларға ескерту жасаған. Бұған жауап ретінде олар ашық агрессия танытып, оған физикалық күш қолданған.
Барлық шабуыл жасаған тұлғалар анықталып, оқиға орнында ұсталды. Билік өкіліне шабуыл жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкеріне қол сұғу - заңды тікелей бұзу болып табылатынын атап өтеміз.Мұндай әрекеттер қатаң әрі ешқандай ымырасыз тоқтатылады. Әр кінәлі тұлға толық көлемде жауапкершілікке тартылады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін БҚО-да полицияға агрессия танытқан бір топ азамат ұсталды.