Қостанайда полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Бүгiн, 15:05
117
Бөлісу:
Қостанайда полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды
Фото: wikimedia.org

2 қыркүйек күні түнде полицияға Тобыл өзеніне үлкен көпірден секірмек болған ер адам туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Елнұр Қамысбай мен Еламан Исламғалиев дереу оқиға орнына барды.

Ер адам сол уақытта металл қоршаудан өтіп, темірден ұстап тұрған. Полицейлерді көрген соң, олардың жақындамауын сұрап, көпірден секіремін деп қорқытқан.

 Ол өзін өте агрессивті ұстады. Мен оның назарын аударып жатқанда, менің серіктесім оның қолынан қатты ұстап қалды. Содан азаматты бірге тартып шығарып, аман алып қалдық, — деді Еламан Исламғалиев.

Ер адам мас күйде болды. Оның қауіпсіздігі үшін полиция ер адамды медициналық мекемеге орналастырды.

Өзгелердің жаңалығы