Қостанайда "POLICE SOS" дабыл түймесі іске қосылды

19 Маусым 2024, 13:11
274
Бөлісу:
Қостанайда "POLICE SOS" дабыл түймесі іске қосылды
Фото: ІІМ ресми сайты

Дабыл түймесі Алтынсарин көшесіндегі "Орталық базар" автобус аялдамасында орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Орын кездейсоқ таңдалмады. Құқық бұзушылықтарды талдауға сүйене отырып, дәл осы жерде полицейлер көбінесе қоғамдық тәртіпті бұзушылықтарды, соның ішінде маргиналды адамдардың алкогольдік ішімдіктерді ішуін, ұсақ бұзақылық, қорлау және қоғамдық орындардың ластану фактілерін жиі анықтайды.

Сонымен қатар жергілікті тұрғындар белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың аялдаманың жанында болуына шағымданады, – деді Қостанай қалалық прокуратурасының прокуроры Ерқан Мәди.

Көмекке шұғыл шақыру құрылғысы полицияға құқық бұзушылық туралы хабарламаларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Жұмыс принципі өте қарапайым. Азамат құрылғыға жақындаған кезде SOS батырмасын басады. Әрі қарай, полицияның жедел басқару орталығымен байланыс орнатылып, оқиға туралы ақпарат беріледі. ЖБО кезекшісі нарядты оқиға орнына жібереді. Қостанай қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы Ернұр Алтаевтың айтуынша, облыс орталығындағы жедел жағдай тұрақты.

Жыл басынан бері полиция 49 мың 500-ге жуық қоғамдық тәртіп бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 260 ұсақ бұзақылық фактісі, 1700 алкоголь ішу дерегі, 120 жалпы пайдалану орындарының ластануы және 900-ден астам қоғамдық орындарда қудалау жағдайлары бар. Қабылданып жатқан алдын алу шараларының арқасында қоғамдық орындардағы қылмыстар саны 35%-ға азайды. Дабыл батырмасын орнату жобасы қалалық прокуратураның, әкімдіктің және жергілікті полиция қызметінің бастамасымен іске асырылды. Бастамашылар жобаның қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы