Қостанайда пәтерден ер адамның мәйіті мен ауыр жараланған бала табылды

Қостанайда Толстой көшесіндегі пәтерлердің бірінде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 polisia.kz 2 Тамыз 2025 2025, 08:23
2 Тамыз 2025 2025, 08:23
1743
Фото: polisia.kz

Қостанайда Толстой көшесіндегі пәтерлердің бірінде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, марқұм ол үйде тұрмаған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам пәтерге баса-көктеп кіріп, ондағы баланы ауыр жарақаттап, кейін өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Полиция кәмелетке толмаған адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру және мәйітті табу фактісі бойынша сотқа дейінгі екі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деп мәлімдеді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Наверх