Қостанайда тұрғын үйдегі өрт кезінде төрт адам құтқарылды

Сонымен қатар өрт сөндірушілер пәтер ішінен газ баллонын сыртқа шығарып, қауіпсіз жерге орналастырды.

10 Қыркүйек 2026, 21:49
АВТОР
 Скриншот 10 Қыркүйек 2026, 21:49
10 Қыркүйек 2026, 21:49
205
Фото: Скриншот

Қостанай қаласындағы К. Маркс көшесінде орналасқан төрт пәтерлі тұрғын үйдің бір пәтерінен өрт шықты.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Құтқару жұмыстары барысында түтін басқан пәтерден төрт адам, оның ішінде бір бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Сонымен қатар өрт сөндірушілер пәтер ішінен газ баллонын сыртқа шығарып, қауіпсіз жерге орналастырды. Мамандардың жедел әрекеті ықтимал қосымша қауіптің алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Наверх