Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда Абай даңғылында екі қабатты тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлады облыстық ТЖД.
Өрт сөндірушілер келгенше жалын бүкіл үйге жайылып, 250 шаршы метр аумақты шарпыған.
Үйдің шатыры, тұрғындардың заттары жанып кеткен.
Өрт салдарынан көршілес екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры мен тіреуіштері де жартылай жанып кеткен, 10 шаршы метр аумақ зардап шекті. Құтқарушылар өртті 01:15-те оқшаулап, жалынның көршілес тұрғын үйлерге тарауына жол бермеді. Сағат 02:26-да өрт сөндірілді. Өрт болған жерден 1972 және 1984 жылы туған екі ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлады облыстық ТЖД.
Қазір зертхана мамандары оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.
Өрттің шығу себебі анықталуда.