Қостанайда есірткі зертханалары әшкереленді

10 Қараша 2022, 15:55
751
Бөлісу:
Қостанайда есірткі зертханалары әшкереленді

Тәркіленген марихуананың салмағы жиырма келіден асады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды. 

Ұсталған адамдар улы затты үйлерінде сақтаған. Сонымен қатар тінту жүргізген полицейлер қарасора өсіретін екі жылыжай бөлмесін тапты. Оның бірі балконда орналасқан. Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. 

Жалпы биыл заңсыз айналымнан 200 келіден аса есірткі жойылды. Оның ішінде 555 грамнан астам героин, 18 келі  гашиш, бір жарым келіден аса синтетикалық препараттар заңсыз айналымнан алынды, - деп хабарлайды ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Асылбек Әлмағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы