Қостанайда болған оқиғаның саяси астары болуы мүмкін – Азаматхан Әміртай

6 Қыркүйек 2022, 16:00
2795
Бөлісу:
Қостанайда болған оқиғаның саяси астары болуы мүмкін – Азаматхан Әміртай

Бұл туралы «Байтақ» жасылдар» партиясының Ұйымдастыру комитетінің төрағасы Азаматхан Әміртай айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Қостанайдағы болған оқиғаның саяси астары болуы әбден мүмкін. Ол қастандық та болуы мүмкін. Себебі 8 жердің бір мезетте өртеніп, 43 гектардың лезде жанып кетуі өте қиын жағдай. Ол Қазақстан үшін үлкен қайғы. Сондықтан құзырлы органдар оны тексеруі керек. Өрт толық ауыздықталмады. Одан кейінгі қалыпқа келтіру жұмыстарына біздің партия барып, атсалысады, - деді Әміртай.

Оның айтуынша, бұл жағдай әдейі жасалған қастандық болса, оны ашық халыққа айту керек.

1 қыркүйек күні Жолдау болды. 2 қыркүйекте елорда атауын өзгерту туралы айтылды. Сондықтан оның барлығы байланысты болуы мүмкін. Бұл елге жасалған қастандық болса, халыққа ашық айту керек. Ішкі және сыртқы саяси жағдайда қазір бізге бірлікте болған абзал, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы