Қостанайда әскери тікұшақ ауыл адамдарын құтқарды

28 Наурыз 2024, 01:10
1328
Бөлісу:
Қостанайда әскери тікұшақ ауыл адамдарын құтқарды
Фото: скрин

Бүгін ҚР ТЖМ дағдарысты жағдайларды басқару орталығының үйлестіруімен Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Қостанай облысында ауыл тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызыл жұлдыз және Екідің ауылдарының тұрғындары лебедкамен әскери тікұшаққа көтерілді. Айта кетейік, эвакуация су бетінің үстінде ілулі режимнен орындалды.

19132 әскери бөлімінің үйлестірушілері күндіз 100 адам, оның ішінде 28 бала эвакуацияланғанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы