Қостанайда 37 адам құтқарылды

27 Наурыз 2024, 14:00
294
Бөлісу:
Қостанайда 37 адам құтқарылды
Фото: видеодан скриншот

Қостанайлық құтқарушылар 37 адамды, оның ішінде 18 баланы қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қостанай облысының Қызыл Жұлдыз ауылында ТЖД күштерімен, 52859 ә/б жеке құрамымен және ЖАО-мен халықты эвакуациялау жүргізілуде. Қазіргі уақыт бойынша 37 адам, оның ішінде 18 бала эвакуацияланды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы