Қостанай тұрғынынан 14 келі марихуана тәркіленді

29 Қараша 2022, 11:19
741
Бөлісу:
Қостанай тұрғынынан 14 келі марихуана тәркіленді

Қостанай облысының полицейлері тұрғыннан 14 келі марихуана тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қамысты ауданының полиция қызметкерлері «Рефлекс» операциясын жүргізу кезінде 44 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Ауыл тұрғынының үйінде санкцияланған жеке тінту барысында 14 келі марихуана тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат есірткі – кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі заттарын өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Жыл басынан бері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 180 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі, — деді Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Аят Қартбаев.

Өзгелердің жаңалығы