Қостанай облысының оқушылары «Балдәурен» лагеріне келе бастады

6 Қыркүйек 2022, 16:57
777
Бөлісу:
Қостанай облысының оқушылары  «Балдәурен» лагеріне келе бастады

Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру лагеріне келе бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазірдің өзінде 11 оқушы лагерьге орналасты, олар онда оқып, емделеді.

 «Балдәуренге» Қостанай облысының тұрғын үйлері өрттен зардап шеккен отбасылардың балалары аттанды. Лагерьге ата-аналарының келісімімен баспанасы бүлінбеген, бірақ қауіпсіздік мақсатында өрт қауіпті аймақтардан көшірілген отбасылардың балалары да келе алады.

Сондай-ақ Алматыдағы бастауыш сынып оқушыларына бағытталған «Бөбек» оқу-сауықтыру орталығы да бастауыш сынып оқушыларын қабылдауға дайын. Балаларға күнделікті мәселелерді шешкенге дейін осында сауықтырудан өтуге және лагерьдегі мектепке баруға ыңғайлы болады. Оларға қолайлы жағдай жасалған, – дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.

 Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі Қостанай облысындағы зардап шеккен балаларға көмек көрсету және оңалту мақсатында «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру орталықтарына жолдамалар ұйымдастырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы