Қостанай облысындағы өрттің тұтануына адами фактор себеп болған – Юрий Ильин

23 Қыркүйек 2022, 17:01
1169
Бөлісу:
Қостанай облысындағы өрттің тұтануына адами фактор себеп болған – Юрий Ильин

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы алапат өртке адами фактор себеп болғанын айтты, деп хабарлады BAQ.KZ Төтенше жағдай министрлігіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, табиғи тұтану нұсқасы толығымен жоққа шығарылған.

Өрттің қасақана немесе абайсызда тұтанғанын құзырлы органдар анықтайды. Табиғи тұтану нұсқасы толығымен алынып тасталды, – деді Юрий Ильин.

Еске салайық, қыркүйектің басында Қостанай облысында алап өрт басталып, бір адам көз жұмған еді. Сонымен қатар 100-ге жуық тұрғынның үйі отқа оранған. Ал өрттің жалпы ауданы 43 мың гектарға жеткен.

Өзгелердің жаңалығы