Қостанай облысындағы мектепке 250 млн теңге бөлінді

19 Қараша 2022, 13:48
945
Бөлісу:
Қостанай облысындағы мектепке 250 млн теңге бөлінді

«Қазақстан халқына» қорынан облысындағы мектепке 250 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаражат есебінен Сарыкөл ауылындағы білім ұясының материалдық-техникалық базасы нығайды. Бұл туралы «Хабар 24» жазды. 

Отыз екі оқу кабинеті, шеберханалар жабдықталып, жаңадан арт және телестудия кабинеттері ашылды. Мұғалімдер құрамы да біліктілікті тегін арттыру мүмкіндігіне ие болды. Арнайы оқу бағдарламасы келер жылдың ақпан айына дейін созылады. Жалпы биыл аймақта 77 ауыл мектебіне жөндеу жүргізілді. Материалдық базаны жаңғыртуға екі миллиард теңге жұмсалды. 

Урицкий орта мектебі «Қазақстан халқына» қоры бағдарламасының аясында жарақтандырылған үшінші мектеп болып отыр. Осыған дейін біз Павлодар, Ақмола облыстарында осындай ауылдық тірек мектептерді толығымен жарақтандырған болғанбыз, - деді «Қазақстан халқына» қорының өкілі Диас Бейсенбек.
 

Өзгелердің жаңалығы